Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
469.83 536.83 5.97

Алматыда Күләш Ахметованы еске алу кеші өтті

26-05-2026, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ақын, журналист әрі аудармашы Күләш Ахметованың 80 жылдығына арналған еске алу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты.

Жиын барысында қатысушылар Күләш Ахметованың тағылымды ғұмыры мен қазақ әдебиетіндегі айрықша орны туралы ой қозғап, ақын жырларын оқыды. Сондай-ақ қаламгердің шығармашылық әлемі, адамгершілік болмысы мен әдебиетке сіңірген еңбегі жайында естеліктер айтылды.

Кеш аясында Күләш Ахметованың өмірі мен шығармашылық жолын қамтитын арнайы кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив