Астанада Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі өтеді
2026 жылғы 10-12 маусым аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі өтеді.
Орталық Азиядағы автомобиль компоненттері, техникалық қызмет көрсету станцияларына арналған жабдықтар, сервистік және логистикалық шешімдер, майлар, техникалық сұйықтықтар мен автохимия саласындағы ең ірі іс-шара. Бұл Қазақстанның халықаралық саудасын дамыту және жаһандық жеткізу тізбектеріне ықпалдасу алаңы.
Биыл көрме 10 жылдық мерейтойын атап өтеді. Оған Қазақстан, Германия, Франция, Польша, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея Республикасы, Үндістан, Қытай, Малайзия, Тайланд, Түркия, Ресей Федерациясы және басқа да бірқатар елдерден автомобиль компоненттері, сервистік жабдықтар мен мұнай-химия өнімдерін өндіретін, жеткізетін және таратушы 400-ден астам компания қатыспақ.
Automechanika Astana 800 жылдан астам тарихы бар, әлемнің 50-ден астам елінде өкілдіктері бар Messe Frankfurt GmbH компаниясына тиесілі. Automechanika жаһандық желісі бес құрлықтағы 20-дан астам көрмені біріктіреді және автомобиль компоненттері, сервис пен логистика нарығының халықаралық стандарттарын белгілейді. Орталық Азиядағы көрме ұйымдастырушысы Business Media Central Asia (BMCA) компаниясы, ол Messe Frankfurt GmbH-тің өңірдегі ресми өкілі.
Халықаралық салалық көрмелерді сыртқы сауданы, экспорттық әлеуетті және сауда дипломатиясын дамытудың маңызды құралы ретінде қарастырады. Мұндай алаңдар сауда-экономикалық ынтымақтастық географиясын кеңейтуге, шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстарды нығайтуға, отандық өнімді сыртқы нарықтарға жылжытуға, дилерлік және дистрибьюторлық желілерді дамытуға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да көпжақты форматтар шеңберіндегі интеграциялық үдерістерді тереңдетуге ықпал етеді. Қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық көрмелік іс-шараларға қатысуын қолдау бойынша жүйелі жұмыс шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайтуға және сауда ағындарын әртараптандыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі.
Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында:
- Automechanika Academy білім беру бағдарламасы;
- Automechanika Live Stage көрсетілім алаңы;
- өндірушілер, дистрибьюторлар мен тапсырыс берушілер арасындағы B2B келіссөздер;
- жаңа өнімдер мен технологиялық мәселелердің талқысы;
- салалық қауымдастықтар мен халықаралық серіктестердің қатысуымен сараптамалық сессиялар.
Көрмеге қатысу экспорттаушы және импорттаушы кәсіпорындардың мамандары мен басшылары, автомобиль компоненттері мен ілеспе өнімдерді өндірушілер, сервистік және логистикалық компаниялар, дилерлік және дистрибьюторлық желілер, көтерме және бөлшек сауда операторлары, салалық қауымдастықтар, сауда-өнеркәсіп палаталары, ғылыми-білім беру ұйымдары мен мемлекеттік тапсырыс берушілер үшін өзекті болып табылады.
Көрмеге кіру тегін, тек https://exhibition.techno-light.kz/event.php?id=40&utm_source=minenrg сілтемесі арқылы өтіңіз.