Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
469.83 536.83 5.97

Ерсайын Нағаспаев Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Андрей Михнёвпен Қазақстанның тау-кен секторын дамыту перспективаларын талқылады

26-05-2026, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Дүниежүзілік банктің Қазақстан және Түрікменстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнёвпен кездесті. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған тапсырмалары шеңберінде тау-кен металлургия кешенін дамыту перспективаларына баса назар аударылды.

Кездесу барысында Дүниежүзілік банктің 2023 жылдан бергі өзгерістер қамтылған "Қазақстандағы тау-кен өнеркәсібіне инвестиция салу шарттарын бағалау" атты есебінің жобасы тыңдалды. Дүниежүзілік банк Қазақстан Үкіметінің тау-кен металлургия кешенін және жалпы қайта өңдеу секторын қарқынды дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмысына жоғары баға берді. Сондай-ақ экономиканы әртараптандыру мен тұрақты өсімді қамтамасыз ету мақсатында реформаларды жалғастыру және инвестиция тарту бойынша ұсынымдар берілді.

"Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Дүниежүзілік банк арасында тау-кен металлургия кешені саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша белсенді түрде бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Біз өзара қарым-қатынасымызды жоғары бағалаймыз және оларды одан әрі нығайтуға ниеттіміз", – деп атап өткен Ерсайын Нағаспаев Андрей Михнёвті биылғы 11-12 маусымда өтетін Astana Mining and Metallurgy халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.

Кездесу қорытындысында тараптар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаласты әрі "Қазақстан тау-кен өндірісі секторының 2045 жылға дейінгі экономикалық тиімділігіне қатысты кешенді болжамдар" бойынша Дүниежүзілік банкпен бірлесе макроэкономикалық талдау жүргізуге мүдделі екендерін растады. Сондай-ақ Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі өзара әріптестік құжаты талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив