Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
450.69 505.04 5.45

Қазақстан мен Pfizer денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады

26-05-2026, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевтың «Пфайзер Қазақстан» ЖШС Бас директоры, Pfizer компаниясының Қазақстан, Орталық Азия елдері, Кавказ және Моңғолия (CauCAR) бойынша субкластерінің басшысы Дмитрий Козенковпен кездесті.

Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысты.

Тараптар Pfizer компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады.

Министрдің бірінші орынбасары Pfizer компаниясы Қазақстанның денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы негізгі халықаралық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты медициналық саладағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін болжамды әрі қолайлы жағдайларды қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Тараптар ынтымақтастықты дамыту және заманауи медициналық шешімдерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша конструктивті өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделі екендерін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив