Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
477.48 555.83 6.65

Қазақстанда педагог мәртебесі қалай өзгереді: Сенатта түзетулер талқыланды

Кеше, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заңды қарады.

Комитет мүшесі Талғат Жүнісов отырыс барысында ұсынылған ережелер педагог мәртебесін одан әрі нығайту мен олардың құқықтарын қорғау және білім беру сапасын арттыру үшін жағдай жасау мақсатында әзірленгенін атап өтті.

«Ұсынылып отырған заң ережелері педагогтердің құқықтарын оларға тән емес функциялардан қорғауды кешенді түрде қамтамасыз етуге, олардың мәртебесін нығайтуға жағдай жасауға, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау сапасын арттыруға және балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған», - деді Талғат Жүнісов.

Заң аясында академиялық парасаттылық ұғымын енгізу, орта білім беру ұйымдарында мобильді құрылғыларды пайдалану қағидасын белгілеу, балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігін нақтылау, сондай-ақ педагогтердің қағаз бен электрондық құжаттарды бір мезгілде жүргізуіне тыйым салу көзделеді.

Одан басқа, кәсіби қызметті жүзеге асыру кезеңінде мемлекеттік емес құрылымдардың шараларына мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін тартуға шектеулерді ұлғайту ұсынылды. Сондай-ақ талантты түлектерді қолдау шаралары, оның ішінде халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздарына ҰБТ тапсырмай жоғары оқу орындарына түсу құқығын беру көзделген.

Түзетулердің жеке бөлігі денсаулық сақтау саласына қатысты. Онда медициналық кадрларды даярлауды реттеу, мамандарды кәсіби қызметке жіберу тәртібін айқындау және саланың кадр саясатын жетілдіру жөнінде уәкілетті органның өкілеттіктерін кеңейту туралы болып отыр.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерде педагогтерден заңнамада көзделмеген есеп-қисапты талап ету, құжат айналымдарын қайталамау және педагогтерді өзіне тән емес жұмысқа тартуға байланысты шектеуді бұзғаны жауапкершілікті нақтылау ұсынылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив