434 «Алтын белгі» үміткеріне Шәкәрім білім гранты табысталды
Биыл Шәкәрім университетінде үшінші жыл кезекті рет «Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты шарасы өтті. Балалық шақпен қоштасып, болашаққа қадам басқан Shakarim High School мектебінің «Алтын белгі» үміткерлері, білім үздіктерінің жүзі балбұл жайнап, айналаны шуаққа бөледі.
Маңызы ерекше мерекелік шарада Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, мемлекеттік Ту әкелінді. Ел ертеңіне деген сенімді еселеген көріністің куәсі болған ұстазар да, ата-аналар мен түлектер де бүгінгі күннің әсерін айқын сезінді.
Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков көпшілікті «Соңғы қоңырау» мерекесімен құттықтай келе, университет базасынан ашылған Shakarim High School мектебінің басқа білім беру нысандарынан айырмашылығына тоқталды.
Бұл замануи талаптарға толықтай сай мектепте 10-11 сыныптағы 136 оқушылары білім алуда. 2025-2026 оқу жылында Shakarim High School мектебінің «Алтын Белгі» белгісіне 7 оқушы, «Үздік» аттестат белгісіне 7 оқушы лайық болып отыр.
Мектебіміздің басты ерекшелігі – университет базасында құрылуы. Бұл оқушыларға ғылыммен ерте жастан айналысуға мүмкіндік береді. Шәкәрім университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, жас ғалымдары мен PhD докторлары арнайы дәрістер өткізіп, ғылыми зертханаларда практикалық сабақтар ұйымдастырады. Осы арқылы оқушылар ғылым мен білімнің байланысын терең түсінеді. Биыл 68 түлек мектеп қабырғасынан қанат қаққалы отыр. Оның 7-і «Алтын белгіге», 7-і үздік аттестатқа үміткер,- дейді мектеп директоры Бақыт Сейітқалиева.
Шәкәрім университеті 2024 жылы Абай облысы бойынша 221 білім үздігіне «Шәкәрім білім гранты» сертификатын берсе, биыл облысымыздың 434 «Алтын белгі» үміткеріне сертификат табыстады.


