Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
485.55 563.38 6.81

Семейде Төлеген Мұхамеджановтың «Туған жерге тағзым» атты шығармашылық кеші өтті

Бүгін, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Кеше Семейдегі Абай атындағы театрда Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі композитор, жерлесіміз Төлеген Мұхамеджановтың «Туған жерге тағзым» атты шығармашылық кеші өтті. Концертті облыс әкімі Берік Уәли тамашалап, қазақ музыка өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған сазгерді және оның өмірлік серігі, Қазақстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаеваға ел алдында құрмет көрсетіп, иықтарына шапан жапты.

«Атақты композитор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Төлеген ағамызға «Туған жерге тағзым» атты шығармашылық кешімен елге тағзым жасап келгені үшін алғыс айтамыз. Өздеріңіз екі жарым сағаттан астам уақыт керемет шығармашылық кешке куә болдыңыздар. «Балалық шақ», «Махаббат бекетінен» бастап, бүгін сахнада орындалған симфония, камералық музыка, романстар мен әндер, кино және театр қойылымдарына жазылған музыкалық шығармалардың барлығы – халықтық әуенге айналған туындылар. Біз сонымен мақтанамыз. Үлкен сахнада жүргеніңізге 50 жылдан асты. Жасай беріңіз. Өнеріңіз өрлей берсін», – деді аймақ басшысы.

Шығармашылық кеште Астана қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының оркестрі мен камералық хоры өнер көрсетті. Кеш барысында «Балалық шақ», «Дала», «Шабуыл», «Махаббат бекеті», «Заманай», «Астана» секілді туындылар орындалды.

Сонымен қатар Қазақстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұрлан Өнербаев, Сәкен Майғазиев, Бауыржан Исаев, Сүндет Байғожин, Әміре, Рухия Байдукенова секілді әншілер өнер көрсетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив