Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
485.95 565.74 6.83

Абай облысында ЭКСЖ аясында жылу желілерінің тозуын 60%-ға дейін төмендету көзделіп отыр

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

ЭКСЖ жобалық кеңсесі Семей табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері мен журналистерге арналған оқыту семинарын өткізді. Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика министрліктерінің, сондай-ақ ЭКСЖ-ның техникалық және қаржылық операторларының спикерлері ұлттық жобаны іске асыру тетіктері туралы айтып берді. Сондай-ақ, іс-шара барысында Абай облысындағы Ұлттық жоба аясындағы желілерді қайта жаңарту жоспары айтылды.

Воркшоп аясында стратегиялық коммуникациялар бойынша сарапшылық сессия өтті, ал бейіндік блок барысында қатысушылар Қазақстанның «Энергетикалық және коммуналдық секторларын жаңғырту» жөніндегі ауқымды жобаны қаржыландыру мен іске асыру тетіктерін, тұрғын үй көмегін және халықты қолдау шараларын талқылады. 

Ашық пікірталас кезінде спикерлер мен іс-шараға қатысушылар ЭКСЖ-ның аяқталып қойған, сондай-ақ қазіргі уақытта дайындық және іске асырылу сатысындағы жобалары бойынша практикалық кейстерді қарастырды. 

Таяуда Абай облысында ЭКСЖ аясында бірнеше ондаған жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олар: үш КТҚ (Семей, Курчатов және Аягөз қалаларында) құрылысы, сондай-ақ жылу желілері мен жылу, су, электрмен жабдықтау және су бұру объектілерін реконструкциялау. 

Атап айтқанда, жергілікті «Теплокоммунэнерго» МКК жылу желілері мен жылумен жабдықтау нысандарын жаңғырту саласындағы 9 инвестициялық жобаны іске асыруға өтінім берді. Қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 27,9 млрд теңге. Жобалар магистральдық жылу желілерін реконструкциялауға, қазандықтарды жаңғыртуға, сондай-ақ орталық жылу пункттері мен қосалқы инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған.

«Жылу желілерін қайта құру жобалары тозу деңгейін төмендетуге барынша әсер етеді, оның жалпы төмендеуі шамамен 1,23%. Барлық іс-шараны іске асыру кәсіпорынның жылу желілерінің жалпы тозу деңгейін 60,27%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл жылумен жабдықтау қызметінің сапасын арттырады және апат қаупін төмендетеді. Жалпы жаңғырту жобасы коммуналдық инфрақұрылымды жаңартудағы маңызды қадам болмақ», - деді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің  Абай облысы бойынша департаментінің өкілдері.

Еске салайық, ЭКСЖ аясында 2026 жылға энергетика және коммуналдық шаруашылықтың барлық саласында шамамен 7,6 мың шақырым желіні жөндеу жоспарланған. Науқан басталғалы бері Қазақстанда 34 ЭКСЖ жобасы сәтті жүзеге асырылды, ал жыл басындағы жағдай бойынша тағы 50 жобаны іске асыру басталды. 

Былтыр табиғи монополиялардың 8 субъектісі «қызыл аймақтан» шыға алды. Биыл тағы 8 ТМС (табиғи монополия субъектісі) осындай нәтижеге қол жеткізуі тиіс. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив