Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
485.95 565.74 6.83

Баланы идеологиялық қысымнан қорғауды күшейтетін тәрбиенің негіздері

Бүгін, 09:21 018.kz

Қазір балалар мен жасөспірімдер түрлі ақпараттың ортасында өмір сүріп жатыр. Әсіресе интернет пен әлеуметтік желілер арқылы таралатын теріс идеологиялар мен радикалды көзқарастар жастардың санасына әсер етуде. Мамандардың айтуынша, баланы мұндай идеологиялық қысымнан қорғаудың ең тиімді жолы - дұрыс тәрбие беру. Рухани құндылықтарды қалыптастыру және отбасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту.

Психологтар мен дінтанушылардың пікірінше, бала тәрбиесіндегі ең маңызды орта - отбасы. Отбасында мейірім мен түсіністік көрген бала сырттан келетін күмәнді ақпараттарға тез сене бермейді. Ал ата-анамен байланысы әлсіз, өзін жалғыз сезінетін балалар түрлі теріс ағымдардың ықпалына бейім болады.

Ал теологтар радикалды топтар көбіне жастар мен жасөспірімдерді интернет арқылы өз қатарына тартуға тырысатынын айтады. Олар дінді бұрмалап түсіндіріп, эмоциялық тәсілдер арқылы баланың сеніміне кіреді. Сондықтан балаларға кішкентай кезінен дұрыс діни түсінік беру маңызды. Ислам діні адамды сабырлылыққа, білімге, ата-ананы құрметтеуге және бейбітшілікке шақырады. Ал радикалды ұйымдар осы құндылықтарды бұрмалап көрсетеді.

Сарапшылардың мәліметінше, соңғы жылдары интернетте экстремистік материалдардың саны артқан. Қазақстанда 2025 жылдың алғашқы айларында экстремистік сипаттағы 10 мыңнан астам материал анықталған. Бұл балалардың интернетті қауіпсіз қолдануын бақылаудың маңызын көрсетеді.

Баланың сыни ойлау қабілетін дамыту өте маңызды. Егер бала ақпаратты саралап, шын мен жалғанды ажырата алса, ол идеологиялық қысымға оңай берілмейді. Сондықтан мектеп пен отбасы бірлесіп, балаларға дұрыс бағыт көрсетуі қажет.

Мысалы, кейбір жасөспірімдер әлеуметтік желідегі белгісіз адамдардың ықпалына түсіп, күмәнді діни топтардың жиналыстарына қатысып жатады. Кейін олардың көбі психологиялық қиындықтарға тап болып, заң алдында жауап береді. Ал спортпен айналысатын, кітап оқитын, білімге қызығатын және отбасымен тығыз қарым-қатынастағы балалар мұндай қауіптен алыс болады.

Дінтанушылар ұлттық құндылықтардың да үлкен рөл атқаратынын айтады. Қазақ халқының дәстүрлі тәрбиесінде үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, сабыр сақтау және бірлікке ұмтылу маңызды орын алған. Осындай тәрбие алған бала теріс идеологияларға қарсы тұра алады.

Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Таубекова Аружан Куанышбековна

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив