Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
485.95 565.74 6.83

Қазақстан мен Ресей басшыларына «Астана - Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Екі елдің көлік министрліктері «КамАЗ» жария акционерлік қоғамымен бірлесіп, жүк автокөліктерінің жүргізушісіз қозғалысын сәтті іске қосты.

Көліктер «Жаңа жол» өткізу бекеті арқылы Қазақстан-Ресей шекарасын бір уақытта кесіп өтіп, межелі пунктке қарай сапарын жалғастырды.

Жүргізушісіз жүк автокөлік құралдары әлемде алғаш рет осындай форматта үш мың шақырымға жуық қашықтықты екі тәулікте жүріп өтіп, сапар уақытын екі есе қысқартты. Жаңа технологияларды қолданудың арқасында бұл бағыт екі тәулік ішінде еңсерілді.

Әріптестікті тереңдету мақсатында тараптар жобаны одан әрі дамытатын институционалдық база мен қажетті инфрақұрылым қалыптастыру жұмыстарын жалғастыра береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив