Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
469.83 536.83 5.97

Олжас Бектенов XINFA GROUP компаниясының басшылығымен Павлодар облысында өнеркәсіптік парк құрылысының барысын талқылады

1-06-2026, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов сингапурлық XINFA GROUP компаниясының басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюнмен Павлодар облысында өнеркәсіп паркін салу бойынша дайындық жұмыстарының барысын талқылады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Президенттің тапсырмасы бойынша экономиканы әртараптандыруға және өңдеуші өнеркәсіпті қолдауға бағытталған инвестициялық саясат жүзеге асырылуда.

Кездесу барысында жобаның ағымдағы жағдайына назар аударылды.

Чжао Тинъюн қазіргі уақытта жер учаскесі айқындалып, компания парк құрылысын жүзеге асыру үшін жобалау институтын тартқанын атап өтті.

ҚР Премьер-министрі мемлекеттік органдарға жалпы инвестиция көлемі $15 млрд болатын ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға барынша жәрдем көрсетуді тапсырды. Жоба өңірдің және тұтастай алғанда елдің дамуына мультипликативтік әсер етеді.

Толық циклді өнеркәсіп паркін құру жөніндегі тұжырымдамада бокситтерді терең өңдеу жолымен алюминиге айналдыратын жоғары интеграцияланған өндіріс құру қарастырылған. Алюминий тотығын өндіретін кәсіпорындардың қуатын жылына 4,8 млн тонна, электролиттік алюминийді 2,4 млн тонна деңгейінде ұстап тұру жоспарлануда. Терең өңдеу көлемі жыл сайын 1,2 млн тоннаны құрайды. Жобаны жүзеге асыру 10 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өндірістік нысандардың құрылысы биыл басталады. 1-ші кезекті іске қосу 2028 жылы, жобалық қуатқа шығу 2029 жылы жүзеге асырылмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив