Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
485.95 565.74 6.83

Облыс әкімі Қазақстанның Халық әртісі Лидия Кәденовамен кездесті

Бүгін, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Аймақ басшысы Берік Уәли Қазақстанның Халық әртісі, театр және кино актрисасы, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Лидия Кәденовамен кездесті.

Кездесу барысында өңірдің мәдениеті мен өнерін дамыту, театр саласын қолдау, жастарды ұлттық құндылықтарға баулу және шығармашылық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

Лидия Кәденова Семей қаласына сапары барысында анасы Мәкикүл Бейсембіқызының басына зиярат еткенін айтты. Ол кісі ұзақ жылдар есепші болып еңбек еткен. Сондай-ақ, өнер иесі театр ұжымымен кездескенін жеткізіп, өзіне көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдірді.

Облыс әкімі танымал актрисаның қазақ театр және кино өнеріне қосқан үлесі зор екенін атап өтіп, өңірдің мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес алғаш рет 10 күн бойы кең көлемде Абайдың 180 жылдығы аталып өтіп, түрлі мәдени-рухани, танымдық және зияткерлік іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар облыс әкімінің қолдауымен «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында семейлік ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлерінің, яғни, 19 автордың 25 кітабы жарық көрді. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 30 ауылдық кітапхана жаңғыртылып, Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай алаш қайраткерлерінің балаларға арналған аудармалары алғаш рет «Мирас» сериясымен 35 кітап болып жарық көрмек.

Аймақ басшысы Лидия Кәденоваға шығармашылық табыс тілеп, кездесуде айтылған ұсыныстар мен пікірлердің назарға алынатынын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив