Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
469.83 536.83 5.97

Сенатта оқушыларға арналған экскурсия өтті

2-06-2026, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің тәрбиеленушілеріне Палата ғимаратын таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

Оқушылар кездесу барысында еліміздің жоғары заң шығарушы органының тарихымен және қызметімен танысты. Балаларға Сенаттың электронды мұражайы көрсетіліп, Тәуелсіз Қазақстандағы парламентаризм дамуының негізгі кезеңдері, сондай-ақ Палатаның ұлттық заңнаманы жетілдірудегі рөлі туралы айтылды.

Экскурсияға қатысушыларға шет мемлекеттер басшылары, парламенттік делегациялар және халықаралық ұйымдар өкілдері Сенат басшылығына берген естелік сыйлықтар көрмесі көрсетілді. Оқушыларға Палатаның Халықаралық қызметі және парламентаралық ынтымақтастықтың дамуы туралы айтылды.

Балаларға Сенаттың жұмысы, заңдарды қарау тәртібі, оларды мақұлдау рәсімі және заң шығару ісі барысында Парламент палаталарының өзара іс-қимылы туралы егжей-тегжейлі айтылды.

Кездесу соңында ашық диалог өтті, оның барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алды.

Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық белсенді ұстаным қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік институттарының қызметі туралы жастардың білімдерін кеңейтуге ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив