Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.96 569.49 6.81

Қазақстанда тұңғыш рет әскери технологиялар бойынша SHAIQAS 2026 чемпионаты басталады: жүлде қоры – 10 миллион теңге

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз жүйелер, жерүсті робототехникасы, кибертехнологиялар және тактикалық дайындық салалары бойынша SHAIQAS 2026 чемпионатының өтетінін хабарлайды.

Бұл – Қазақстандағы қос мақсаттағы технологиялар саласындағы ұлттық акселерациялық бағдарламаның операторы Defence Tech Center ұйымдастыратын маңызды іс-шара. Чемпионаттың мақсаты – болашағы зор инженерлік командаларды анықтап, олардың әзірлемелерін өнеркәсіпке енгізуге қолдау көрсету.

Жоба Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің стратегиялық қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаның серіктестері – робототехника бағытын дамытатын USTEM Foundation және ұшқышсыз ұшу жүйелері саласындағы бастамаларды іске асыратын Ashyq Aspan Foundation. Инфрақұрылымдық қолдауды халықаралық инновациялық кластер Astana Hub қамтамасыз етеді.

Чемпионатқа 5-тен 15 адамға дейінгі аралас инженерлік командалар қатыса алады. Командалар жоғары оқу орындарының, инженерлік мектептердің, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және Қарулы күштер бөлімшелерінің қолдауымен құрылады.

Чемпионат бағдарламасы төрт бағыттан тұрады: «аспан», «жер», «киберқауіпсіздік» және «тактикалық финал».

«Аспан» бағыты бойынша қатысушылар ұшқышсыз ұшу аппараттарына қатысты тапсырмаларды орындайды. Олардың қатарында бір жинақтан 5 дюймдік FPV-дрон құрастыру, дрондармен жылдамдық жарысына қатысу және жүк тасымалдау міндеттері бар.

«Жер» бағыты бойынша жерүсті роботтандырылған платформаларды пайдалана отырып, манекендерді эвакуациялау және мина макеттерін орналастыру тапсырмалары орындалады.

«Киберқауіпсіздік» бағыты бойынша қатысушылар үшін киберполигон жағдайында әртүрлі сценарийлер әзірленеді.

Тактикалық финалда бес инженерден тұратын команда кедергілер жолағында әрекет етеді. Бұл кезеңде қозғалмайтын нысандарға страйкбол қаруымен ату және тактикалық медицина элементтерін орындау қарастырылған.

SHAIQAS 2026 чемпионатының күнтізбесі

1–15 маусым – командаларды тіркеу (defencetech.kz сайты арқылы);

16–25 маусым – өтінімдерді қарау және инженерлік құжаттама негізінде финалист командаларды іріктеу;

1 шілде – финалистердің соңғы тізімін жариялау;

19–20 шілде – финал алаңындағы міндетті екі күндік сынақ кезеңі: техниканы тексеру және қысқартылған далалық сынақтар;

14–15 тамыз – ұлттық финал.

Бірінші күні киберкезең және 1/8 финал ойындары қатар өтеді. Екінші күні ширек финалдар, жартылай финалдар, финал және марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.

Жүлде қоры

Жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды.

Сонымен қатар:

«Әуе жүйелерінің үздік инженерлік кешені»;

«Жерүсті жүйелерінің үздік инженерлік кешені»;

«Киберқауіпсіздік саласындағы сыйлық»

атты арнайы номинациялар тағайындалған.

Жүлделі орын алған командалардың ғылыми жетекшілері де арнайы марапаттарға ие болады.

Ақпараттық ресурстар және байланыс

Ресми сайт: Defence Tech Center ресми сайты

Электрондық пошта: info@defencetech.kz

Defence Tech Center кеңселері:

Астана қаласында – ALEM AI Center

Алматы қаласында – Офицерлер үйі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив