Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
469.83 536.83 5.97

«LOT Polish Airlines» әуе компаниясы Алматыға рейстер орындай бастады

2-06-2026, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Осы жұмыс шеңберінде 2026 жылғы 1 маусымнан бастап «LOT Polish Airlines» поляк әуе компаниясы Варшава – Алматы бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін Boeing 737 MAX үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 4 рет жиілікпен (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері) орындауды бастады.

Жаңа бағыттардың ашылуын ескере отырып, Қазақстан мен Польша арасындағы рейстердің жалпы саны екі бағыт бойынша аптасына 8 рейске дейін ұлғайды. Қазіргі уақытта «LOT Polish Airlines» әуе компаниясы Астана – Варшава бағыты бойынша да аптасына 4 рет жиілікпен тұрақты рейстерді орындайды.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Польшаның авиациялық билігі арасында Атырау – Варшава – Атырау бағыты бойынша рейстер ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Алматы мен Варшава арасында әуе қатынасының ашылуы Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив