Қазақстан мен БЯЗИ атом ғылымы саласындағы жаңа бірлескен жобаларды талқылады
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Біріккен ядролық зерттеулер институтының (БЯЗИ) директоры Григорий Трубников бастаған делегациямен кездесу өтті.
Кездесу барысында жаңа буындағы медициналық және өнеркәсіптік радиоизотоптарды өндіруге арналған кешен құру жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру перспективаларына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ материалтану, ядролық медицина, ядролық технологияларды өнеркәсіпте қолдану және зерттеу реакторларын дамыту салаларындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.
Тараптар Қазақстанның атом ғылымы саласындағы жоғары әлеуетін атап өтіп, ғылыми инфрақұрылымды одан әрі дамыту, оның ішінде Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институтының базасында жүргізілетін жұмыстардың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі нығайтуға және Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мүддесіне сай жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға өзара қызығушылықтарын растады.