Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
450.69 505.04 5.45

Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

2-06-2026, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Бакуде өткен BEW 2026 халықаралық энергетикалық форумы аясында Түркия Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактармен кездесу өткізді.

Тараптар мұнай-газ, электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға, Қазақстан мен Түркияның ұлттық компаниялары арасындағы өзара іс-қимылға, сондай-ақ энергетика секторындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында мұнай-газ химиясы, көмір химиясы, төмен көміртекті энергетиканы дамыту және инвестициялар тарту мәселелері де қаралды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы энергетика саласындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив