Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
493.15 574.17 6.77

Қонысбай Көпесұлының 100 жылдығына арналған тоғызқұмалақ жарысы өтті

Бүгін, 14:37 018.kz

2026 жылдың 29-30 мамыр күндері Көкпекті ауданында «Көпесов Қонысбай ата — ел рухы, ұрпаққа үлгі» атты спорттық-мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған шара аясында Ұлы Отан соғысының ардагері, өңірдің қадірлі перзенті Қонысбай Көпесұлының туғанына 100 жыл толуына орай ұлттық спортымыз – тоғызқұмалақтан аудандық ашық турнир өтті.

Жарысқа ауданның және көршілес өңірлердің 30-ға жуық спортшысы қатысып, ұлттық ойынның көркін қыздырды. Тартысты бәсеке барысында қатысушылар өздерінің шеберліктері мен тактикалық дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Оқушылар арасында:
1-орын – Серғазы Ерболат (Самар ауданы);
2-орын – Айтқазықызы Шынар (Самар ауданы);
3-орын – Қылымбекова Әдемі (Самар ауданы).

Ересектер арасында:
1-орын – Кенесқалиев Еламан (Көкпекті ауылы);
2-орын – Қапаров Ернар (Көкпекті ауданы, Мамай ауылы);
3-орын – Есенгельдинова Аида (Үшарал ауылы).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, сертификаттармен және демеушілер тағайындаған ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Ұлттық құндылықтарды насихаттап, жас ұрпақты зияткерлік спортқа баулуға бағытталған бұл жарыс қатысушылар мен көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив