Cемей35°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
469.83 536.83 5.97

Мәжіліс жаңа халықаралық келісімдерді қарайды

15-06-2026, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Депутаттар назарына бірқатар халықаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобалары ұсынылады. Олардың қатарында 2025 жылғы 27 маусымда Минскіде қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен оған мүше мемлекеттер және Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісім бар. Құжат сауда байланыстарын нығайтуға және қазақстандық тауарларды БАӘ нарығына шығару үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Бұдан қоса, күн тәртібіне 2026 жылғы 20 мамырда Астанада қол қойылған Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі» даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз) ратификациялау туралы заң жобасы енгізіліп отыр. Сондай-ақ депутаттар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі құжаттарды қарайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив