Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
489.33 566.3 6.74

Су шаруашылығы саласында өндірістік тәжірибеден өткен студенттер саны екі есеге жуық артты

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл Су ресурстары және ирригация министрлігінің орталық аппараты мен «Қазсушар» РМК филиалдарында жоғары оқу орындары мен колледждердің 648 студенті өндірістік тәжірибеден өтеді. Бүгінгі таңда олардың 216-сы тәжірибеден өтіп үлгерсе, 394 студент қазір тәжірибеден өтіп жатыр. Ал тағы 38 студент жыл соңына дейін өндірістік тәжірибеден өтеді.

Осылайша, биыл су шаруашылығы саласында өндірістік тәжірибеден өтетін студенттер саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық көбейді. Еске салсақ, 2025 жылы колледждер мен жоғары оқу орындарының 339 студенті тәжірибеден өткен болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 82 адам болған.

Жамбыл облысына жұмыс сапары кезінде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов облыстағы «Қазсушар» филиалының нысандарында өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті студенттерімен кездесті. Биыл осы филиалда 215 студент тәжірибеден өтіп жатыр.

Кездесуде студенттер министрге оқу үдерісі туралы айтып, өңірдегі су шаруашылығы нысандарының жұмысымен танысқаннан кейінгі әсерлерін бөлісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив