Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

Астанада Automechanika Astana 2026 халықаралық автомобиль индустриясының ең ірі көрмесі өтуде

15-06-2026, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

10–12 маусым аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында Орталық Азиядағы автомобиль индустриясына арналған ең ірі халықаралық көрме – Automechanika Astana 2026 өтуде.

Биыл оныншы рет ұйымдастырылып отырған мерейтойлық көрмеге әлемнің 23 елінен 400-ден астам компания қатысуда. Олардың қатарында Қазақстан, Германия, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея, Үндістан, Ресей және басқа да мемлекеттер бар. Көрме аясында Қытай, Өзбекстан және Иранның ұлттық павильондары ұсынылған.

Өткізілген жылдар ішінде Automechanika Astana автомобиль саласындағы кәсіби диалогты дамытуға, тәжірибе алмасуға, озық технологияларды таныстыруға және іскерлік байланысты нығайтуға арналған жетекші халықаралық алаң ретінде танылды.

Көрменің ашылу рәсіміне мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және бизнес қауымдастықтың өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі атынан құттықтау сөз сөйлеген Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев көрменің саланы дамытудағы маңызына тоқталды.

«Көрме – саланың даму деңгейін айқындайтын маңызды көрсеткіш. Қазақстанға шетелдік серіктестердің қызығушылығы артып келе жатқанын көріп отырмыз және автомобиль секторын одан әрі дамытуға қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді Серік Жарасбаев.

Көрмеде автокөлік бөлшектері, майлау материалдары, автохимия өнімдері, техникалық қызмет көрсету станцияларына арналған жабдықтар, шиналар, аккумуляторлар, диагностикалық жүйелер және автомобиль саласына арналған цифрлық шешімдер таныстырылуда.

Іскерлік бағдарлама аясында Automechanika Academy тақырыптық сессиялары, B2B форматындағы кездесулер, салалық пікірталастар және нарықтың жетекші сарапшыларының баяндамалары өтеді.

Automechanika Astana 2026 көрмесі 12 маусымға дейін Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында өз жұмысын жалғастырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив