Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
450.69 505.04 5.45

«Әділет» партиясы AMANAT партиясы мүшелерінің қосылу туралы шешіміне қолдау білдірді

15-06-2026, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелерінің партия қатарына қосылу туралы қабылдаған шешіміне ризашылығын білдірді.

Партия өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл қадам маңызды әрі жауапты шешім ретінде бағаланып отыр. Сонымен қатар, аталған шешім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған Әділетті Қазақстан құруға және азаматтардың мүддесіне сай жүйелі реформаларды жүзеге асыруға бағытталған саясатты қолдау ретінде қабылданады.

Партияның пікірінше, бүгінде қоғам игілігі жолында еңбек ету, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаттарын нығайту, сондай-ақ елдегі оң өзгерістерді қолдау ортақ мақсат болып табылады.

«Әділет» партиясы жауапкершілік, адал еңбек және Қазақстанның тұрақты дамуы құндылықтарын қолдайтын барлық азаматтарға ашық екенін атап өтті. Сондай-ақ партия халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттің орнықты дамуына бағытталған бастамаларды іске асыру жұмысын жалғастыра беретінін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив