Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
489.33 566.3 6.74

Джеки Чанның жаңа фильмі Маңғыстауда түсіріліп жатыр

Бүгін, 16:10 018.kz

Голливудтың әйгілі актері Джеки Чан қатысатын жаңа халықаралық жоба Қазақстанмен тікелей байланысты болмақ. «Құдай сауыттары 4: Ультиматум» фильмінің алғашқы түсірілімдері Маңғыстау облысында басталып, жобаның алғашқы кадрлары жарияланды.

Жарияланған фотосуреттерде басты рөлдегі Джеки Чан көрінбегенімен, түсірілім тобының Маңғыстаудағы жұмысы қарқынды жүріп жатқаны байқалады. Халықаралық жобаны Salem Entertainment және Dala Edge Creative Tech Park компаниялары жүзеге асыруда.

Фильмнің негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде Бозжыра шатқалы таңдалған. Маңғыстаудың символына айналған табиғи нысан соңғы жылдары шетелдік туристердің ерекше қызығушылығына ие болып келеді. 7–12 маусым аралығында осы аумақта 35 адамнан құралған түсірілім тобы алғашқы көріністерді таспаға түсірген.

Бозжыраның таңдалуы кездейсоқ емес. Ақ түсті жартастары мен қайталанбас табиғи келбеті бұл өңірді әлемдегі көптеген шөлді және таулы аймақтардан ерекшелендіріп тұрады. Сарапшылардың пікірінше, оның бірегей ландшафты халықаралық киноөндірушілер үшін тартымды түсірілім алаңына айналып келеді.

Жаңа фильмнің Қазақстанда түсірілуі еліміздің табиғи көрікті жерлерін әлемдік аудиторияға танытуға және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив