Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
491.37 570.48 6.78

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте темір жол саласын дамыту мәселелері қаралды

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын дамыту мәселелері қаралды. Жиында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов, сондай-ақ Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау Қарағанды, Абай және Жетісу облыстарының әкімдері  баяндама жасады.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысы еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтудың кілті саналатын теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы еліміздің теміржол желілерін барынша дамыту – айрықша маңызды міндет екенін атап өтті. Жаңа теміржол желілерін салу, вагондар мен локомотивтер паркін жаңарту, қолданыстағы жолдарды жаңғырту және вокзалдарды реконструкциялау бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша биыл  бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаныы аяқтау жоспарлануда», — деп атап өтті Премьер-министр.

Биыл аяқталатын жобалар қатарында «Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар»  жолдары бар. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша аталған желілер бойынша қозғалыс қараша айында іске қосылады, бұл транзиттік тасымал көлемін биыл 55 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Үкімет жүзеге асырылып жатқан жобалармен ғана шектелмей, теміржол инфрақұрылымын дамытудың келесі кезеңін дайындауға кіріседі. Көлік министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы келешегі зор инфрақұрылымдық барлық жоба бойынша қаржыландыру көздерін айқындай отырып, техникалық құжаттама әзірлеуі тиіс.

Сондай-ақ мемлекетаралық өткізу пункттері тораптарын кеңейту экспорттық және транзиттік бағыттағы жүк тасымалын арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Осыған байланысты Премьер-министр көршілес елдердің теміржол әкімшіліктерімен бірлескен шешімдер әзірлеу үшін  тұрақты жұмыс жүргізуді тапсырды.

Сонымен қарат теміржол вокзалдарын жаңғырту мен реконструкциялау жұмыстарын уақтылы аяқтау мәселесі қаралды. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша әкімдер нысандарды жаңғырту барысын әр апта сайын тікелей өздері бақылап, бекітілген кесте мен жұмыс сапасын қамтамасыз етуі керек.

Туындаған мәселелер бірден шешімін табуы тиіс. Қайта жаңартылған 30 вокзал 1 шілдеге қарай алғашқы жолаушыларды қабылдауын қамтамасыз етіп, Астана, Алматы және Түркістанның тарихи вокзалдарындағы реставрациялау жұмыстарынан басқа, қалған вокзалдар бойынша жұмыстар 1 қазанға қарай аяқтау жоспарлануда.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдарға бірқатар тапсырма берді:

Бірінші. Вагондар мен локомотивтер паркін жаңарту жоспарлары айқындалды. Инфрақұрылымды одан әрі дамыту қажет. Осы орайда, жүк ағындарын Қазақстан аумағы арқылы қайта бағыттауға мүмкіндік беретін халықаралық терминал желісін кеңейту қажеттігі атап өтілді.

Көлік министрлігі «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, 2027 жылдың 1 шілдесіне дейін Астана қаласында, сондай-ақ шетелдік Алят, Свислочь және Селятино қалаларында терминал желісін жүзеге асыруды аяқтауға тиіс. Бұдан бөлек Будапешт, Чэнду және Констанца қалаларында жүзеге асыруға кірісу қажет.

Екіншісі. Олжас Бектенов жолаушылар тарапынан вагондардың жай-күйіне қатысты айтылып жүрген шағымдарға жеке тоқталып, Өнеркәсіп министрлігіне «ҚТЖ» және Stadler компаниясымен бірлесіп, барлық техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жолаушылар вагондарын қысқа мерзімде жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. 

Осы жылдың соңына дейін теміржол желісіне 215 жаңа локомотив және шамамен 1,5 мың жүк және жолаушы вагоны шығарылады. Сонымен қатар, 1 қыркүйекке дейін отандық өндірістегі 13 мың жүк вагоны мен 500 жолаушы вагонын сатып алудың бесжылдық бағдарламасы бекітіледі. 

Үшіншісі. Цифрландыру мен жасанды интеллект теміржол көлігін дамытудың негізгі құралдарына айналуда: жетекші елдер оларды пойыз қозғалысын дәл жоспарлау, тоқтап қалуды азайту және желі тиімділігін арттыру үшін пайдалануда. Осыған байланысты Көлік министрлігіне «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, жыл соңына дейін көлік-логистикалық тізбекті нақты уақыт режимінде басқаруға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық деректер базасын құру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Министрлік сондай-ақ теміржол көлігіндегі қызмет сапасын арттыруға, транзиттік тасымалдарды ұлғайтуға және экспорттық жүк ағындарын көбейтуге басымдық бермек. Сала дамуына қатысты шешімдер Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді қажеттіліктерін ескере отырып, проактивті түрде қабылданатын болады.

Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің бірінші  орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив