Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
450.69 505.04 5.45

Халықтың табысы инфляциядан да тез өсуі керек

16-06-2026, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Кешенді жоспарды жүзеге асырудың нәтижесі азаматтардың әл-ауқатын тұрақты арттыру болуы тиіс. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді.

Оның айтуынша, негізгі мақсатты көрсеткіштердің қатарында халық табысының инфляция деңгейінен 2–3 пайыздық тармаққа жоғары өсуі, жыл сайын 240 мыңға дейін сапалы жұмыс орындарын құру және 2029 жылға қарай инфляцияны 5–7% деңгейіне дейін төмендету бар.

Сондай-ақ ауылдық жерлерде 30 мыңнан астам микрокредит беру, дуальды оқытумен қамтуды ұлғайту, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру және халықтың тамақ өнімдеріне жұмсайтын шығыстарының үлесін тұтыну шығыстарының жалпы көлемінің 40%-на дейін қысқарту жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив