Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жеңіс күні мерекесінде Бесқарағайлықтар қоныс тойын тойлады

9-05-2023, 15:41 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Бесқарағай ауданының 95 жылдық мерейтойы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету тапсырмасы негізінде «Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысында көпбалалы аналар мен кезекте тұрған әлеуметтік санаттағы азаматтарға жаңадан салынған үйлердің кілтерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. 

Салтанатты рәсімде  6 - көпбалалы отбасыға, 2 - әлеуметтік осал топтағы тұрғындар мен 1- мүгедектігі бар азаматтың отбасына үйлер табысталды.

Қарапайым халық мүддесіне деген Президентіміздің қамқорлығы қашанда зор. Қазіргі таңда баспана салу басты назарда болып отыр. 

«Жаңа үй – жайлы баспана. Үйі жоқтың күйі болмайтынын бабаларымыз атам заманда айтып кеткен. Сондықтан, өзін бақытты сезініп, алаңсыз өмір сүруі үшін алдымен әр адамның тұрақты жұмысы мен мекенжайы болуы керек. Ол, әрине өз үйің, кең сарайдай боз үйің. Осы ретте баспаналы болу бақытына ие болған барлық үй иелерін құттықтай отыра, әр шаңыраққа құт-береке,қуаныш пен амандық тілеймін!»- деді өз сөзінде аудан әкімі Талғат Мұратов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив