Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
487.17 565.65 6.72

Үкімет басшысының орынбасары Семей қаласындағы кәсіпорындарды аралады

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жұмыс сапары аясында облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Семей қаласындағы бірқатар ірі өндірістік кәсіпорындардың қызметімен танысты. Сапар барысында өңдеу өнеркәсібін дамыту, өндірістік қуаттарды ұлғайту және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Үкімет басшысының орынбасары еліміздегі толық циклді май экстракциялайтын жетекші кәсіпорындардың бірі – «Qazaq-Astyq Group» ЖШС-да болды. Кәсіпорын рафинадталмаған күнбағыс майын, ұн, шрот, фосфатидті концентрат пен күнбағыс дәнінің түйіршіктелген қабығын өндіреді. Өндіріс ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу арқылы қосылған құны жоғары өнім шығаруға бағытталған.

Сондай-ақ, бұршақ және майлы дақылдарды қайта өңдеумен айналысатын «Агролидер KAZ» ЖШС жұмысы таныстырылды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 72 мың тонна шикізатты құрайды. Дайын өнім шығару көлемі тәулігіне 160 тоннаға дейін жетеді.

Жұмыс сапары барысында кең ауқымды қаптама өнімдерін шығаратын «Казполиграф» ЖШС өндірістік алаңын да көрді. Бүгінде кәсіпорын қағаз, картон, полимерлі үлдір және гофроқаптама өнімдерін толық өндірістік цикл бойынша өндіреді. Жыл сайын зауытта шамамен 30 мың тонна қағаз-картон қаптамасы, 2 мың тонна қапталған қағаз және 1,5 мың тонна полимерлі қаптама шығарылады.

Кәсіпорын басшыларымен кездесу барысында өндірісті жаңғырту, инвестиция тарту, өнім экспортын кеңейту және өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Үкімет басшысының орынбасары өңдеу секторын дамыту экономиканы әртараптандырудың, өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін арттырудың және жаңа жұмыс орындарын құрудың маңызды бағыты екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив