Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
487.17 565.65 6.72

Оқу-ағарту министрі Токио білім беру кеңесінің өкілдерімен кездесті

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Токио білім беру кеңесінің бас директоры Масахико Сакамото бастаған делегациямен кездесті.

Кездесу барысында тараптар мектептегі білім беруді дамыту, білім беру үдерісін цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу, педагогтерді даярлау және оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан тарапы цифрлық білім беру ортасын дамыту және оқу үдерісіне заманауи технологияларды енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Білім беру саласында жасанды интеллектті қолдану, педагогтерді даярлау және мұғалімдердің әкімшілік жүктемесін азайтуға мүмкіндік беретін цифрлық құралдарды пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ қатысушылар сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында оқушылардың цифрлық құзыреттерін дамыту мәселелерін талқылады.

Токио білім беру кеңесінің өкілдері жапондық білім беру жүйесінің ерекшеліктері туралы айтып, бейіндік оқытуды дамыту, оқушыларға кәсіптік бағдар беру және еңбек дағдыларын қалыптастыру тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, жоғары сынып оқушылары өндіріс, бизнес, агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау және ақпараттық технологиялар бағыттарын меңгереді. Сонымен қатар жапон мектептерінде жауапкершілік пен еңбек мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Тараптар цифрлық қауіпсіздік, дербес деректерді қорғау және білім беру үдерісінде заманауи технологияларды пайдалану мәселелері бойынша да пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мектептегі білім беру және заманауи білім беру технологиялары саласындағы тәжірибе алмасуды жалғастыруға және ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылық танытты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив