Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
487.17 565.65 6.72

Назым Сағынтай: «Дарын» сыйлығы жас таланттарға үлкен мүмкіндік береді

Бүгін, 16:10 018.kz

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солисі Назым Сағынтай – 2025 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында өнер иесі өзінің шығармашылық жолы, кәсіби тәжірибесі және жетістікке жету жолындағы еңбегі туралы әңгімеледі. Кездесу барысында ол көпшілікке кеңінен танымал Гауһартас әнін акапелла орындап, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.

Назым Сағынтайдың әсерлі өнер көрсетуі таланттың, табанды еңбектің және өз ісіне деген адалдықтың биік белестерге жетелейтінінің жарқын үлгісі болды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жыл сайын ғылым, мәдениет, спорт және қоғамдық қызмет салаларында елеулі жетістіктерге қол жеткізген жастарды қолдау мақсатында табысталады. Бұл марапат жаңа есімдердің танылып, олардың шығармашылық және кәсіби дамуына жол ашатын маңызды алаң саналады.

Биыл «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдау 17 маусым мен 17 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Сыйлыққа еліміздің түрлі салаларында табысқа жеткен жас мамандар мен талантты жастар қатыса алады.

 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив