Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
489.39 567.5 6.69

Серік Жұманғарин: Бизнестің мал шаруашылығын жүргізу тәсілі түбегейлі өзгеруі тиіс

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өңірдің фермерлерімен және кәсіпкерлермен кездесті. Облыс экономикасы өсуінің негізгі бағыттарының бірі ретінде агроөнеркәсіптік кешен мен мал шаруашылығын дамытуға баса назар аударылды.

Облыс әкімі Берік Уәлидің айтуынша, ауыл шаруашылығы өңірлік экономиканың негізгі драйверінің бірі болып қала береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі алғаш рет 583,8 млрд теңгеге жетіп, екі жылда 1,4 есеге ұлғайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің жартысынан астамы мал шаруашылығына тиесілі.

Кездесуде саланы жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Серік Жұманғарин қазіргі заманғы мал шаруашылығы жаңа тәсілдерді, цифрландыруды және озық әлемдік технологияларды енгізуді талап ететінін атап өтті. Бүгінде мемлекет мал шаруашылығын дамытуға қомақты қаражат бөлуде, ол жылдық 6%-бен 220 млрд теңге жеңілдікті қаржыландыру. Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында биыл өңірге тауарлы сүт фермаларын салу жобасына 7 млрд теңге жеңілдікпен қаржыландыру бөлінді. Алайда, вице-премьер атап өткендей, бизнес тәсілдері түбегейлі өзгеруі тиіс.

«Біз мың жыл бойы мал шаруашылығымен айналысқанымызды мақтан тұтамыз. Бірақ бүгін цифрландыру дәуірі келді. Жайылымдағы малды босатып, оның өзі салмақ қосуын күтетін кездер өтті, бұл тиімсіз. Мал өсірудің озық технологияларын, австралиялық, канадалық тәжірибені енгізу қажет», — деп атап өтті вице-премьер.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру бағдарламасы аясында Абай облысында 13,2 млрд теңгеге 176 фермер жеңілдетілген несие алғанын хабарлады. Бұл 125 мың гектар егіс алқабын қаржыландырумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Шаруалар үшін қарыз қаражатының құнын төмендету мақсатында «Даму» қоры арқылы қарыз сомасының 85%-на дейінгі мөлшерде кепілдік беру жалғасады. Бұл кредиттеу мөлшерлемесін түпкілікті қарыз алушылар үшін жылдық 5% деңгейінде ұстап қалуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ шаруаларға жылдық ставкасы 6%-дан аспайтын ауыл шаруашылығы асыл тұқымды мал басын сатып алу үшін «Игілік» және «Береке» жаңа кредиттік өнімі ұсынылды. Шалғайдағы мал шаруашылығын қолдау үшін жайылымдық инфрақұрылымды дамытуды қаржыландыруды көздейтін «Жайлау» бірыңғай кредиттік өнімі іске қосылады.

Жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізуді арттыру үшін кредиттеу жүйесіне өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қосылды. Бұл шараларды жүзеге асыру Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарының толыққанды орындалуын қамтамасыз етуге және саланың жедел өсуіне негіз жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ кездесуде салық инновациялары талқыланды. Бюджеттік жоспарлауды болжау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы корпоративтік табыс салығын (КТС) төлеушілердің тізбесін үш жылдық кезеңге бекіту және аудандарды қолдау үшін жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін қайта қарау ұсынысы жұмысқа қабылданды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив