Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

«Әділет» партиясында ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдерімен кездесу өтті

19-06-2026, 08:32 Думан Кенжеғазыұлы

«Әділет» партиясы Саяси кеңес Бюросының мүшелері мүшелері Рауан Кенжеханұлы мен Гүлзира Атабаева Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) Сайлау департаменті директорының орынбасары Ульви Ахундлу және сол департаменттің аға кеңесшісі Елена Ковалевамен кездесті.

Басқосу барысында тараптар Қазақстандағы партиялық жүйенің дамуы, саяси ұйымдардың азаматтармен өзара қарым-қатынасы және партиялардың сайлау барысына қатысу мәселелерін талқылады. Кездесуде Aманат партиясының «Әділет» партиясына қосылу барысы талқыланды. ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдері аталған үдерісті іске асырудың ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілеріне қызығушылық танытты. Жиынға қатысушылар демократиялық институттарды одан әрі дамыту жолында ашық диалог пен тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті. Айта кетейік, 2026 жылғы 14 маусымда өткен «Әділет» партиясының II съезінде делегаттар «Aманат» партиясының «Әділет» партиясына қосылуын бірауыздан қолдаған еді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив