Cемей32°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.37 559.77 6.64

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстары әкімдерінің баяндамасын тыңдады

19-06-2026, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Әкімдер Президентке өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы есеп берді. Сондай-ақ облыс жетекшілері Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Серік Шәпкеновке, Ербол Қарашөкеевке, Нұрдәулет Қилыбайға және Дастан Рыспековке аймақтарды дамытудың жаңа тәсілдері қажет екенін ескертті. Сонымен қатар облыстардың экономикалық әлеуетін арттыру және азаматтар мүддесіне қатысты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Президент балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, балаларды оңалту орталықтарының, емханалар мен ауруханалардың құрылысын жеделдету міндетін жүктеді. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» қоғамдық-саяси акциясы аясында ауқымды жұмыс жүргізу аса маңызды екенін атап айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтармен ұдайы байланыста болып, туындаған түйткілдерді уақтылы шешу қажеттігіне айрықша назар аударды.

Бұдан бөлек, өңір басшыларына экологиялық ахуалды бақылауда ұстау, криминогендік құбылыстармен, заңды қасақана бұзу әрекеттерімен батыл түрде күрес жүргізу жөнінде тапсырма берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив