Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
450.69 505.04 5.45

Абай облысы «Senat Open» турнирінің жарты финалында жалпы есепте III орын алды

20-06-2026, 19:30 Думан Кенжеғазыұлы

Жезқазған қаласында өткен шахматтан «Senat Open» III ашық кубогының жарты финалдық кезеңі өз мәресіне жетті. Абай, Ұлытау, Қарағанды облыстары мен Астана қаласынан келген 130-ға жуық қатысушы финал жолдамасын сарапқа салды. Турнир швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Абай облысының өкілдері жарты финалда жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте үздік үштіктен көрінді. 10 шахматшы финалға өтіп, өңір намысын республикалық деңгейде қорғайды. Финалдық кезең 26 маусым күні Астана қаласында өтеді.

«Senat Open» турнирі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Қазақстан шахмат федерациясының бастамасымен ұйымдастырылып келеді. Турнирдің мақсаты – шахмат спортын дамыту, түрлі сала өкілдерін зияткерлік ойын арқылы біріктіру және бұқаралық шахмат қозғалысын қолдау.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив