Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай28°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.37 559.77 6.64

Семейде 90 сарбаз ант қабылдады

Бүгін, 10:09 018.kz

Абай облысының Семей қаласында орналасқан 36803 әскери бөлімінде көктемгі шақырылымның 90 сарбазы салтанантты түрде ант қабылдады.

Маңызды рәсімге сарбаздардың ата-аналары, жақын туыстары мен достары қатысты. Жалпы саны 500-ден астам қонақ жас жауынгерлердің Отан алдындағы жауапты қадамын бірге тамашалады.

Әскери ант қабылдаған сарбаздар биылғы көктемгі шақырылым аясында Абай және Павлодар облыстарынан әскер қатарына шақырылған болатын. Олар алғашқы әскери дайындықтан өтіп, әскери қызметтің қыр-сырын меңгерді.

Салтанатты жиында әскери бөлім басшылығы жас сарбаздарды маңызды шарамен құттықтап, әскери антқа адал болуға, әскери ьәрьіпьі сақтауға және Отан қорғаушысы деген жоғары мәртебеге лайық қызмет етуге шақырды.

Өз кезегінде ата-аналар әскери бөлім басшылығына алғыстарын білдіріп, ұлдарының әскери қызмет барысында шыңдалып, жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасатынына сенім білдірді.

Әскери ант – әрбір жауынгердің өміріндегі ең маңызды әрі жауапты сәттердің бірі. Бұл күннен бастап жас сарбаздар Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант берді. 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив