Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

22-06-2026, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

«Әділет» партиясы өңірлік филиалдарды құру жұмыстарын толық аяқтады. Партияның аумақтықбөлімшелері еліміздің барлық облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ашылды.

Филиалдарды тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін партия өңірлік деңгейдегі басқару органдарын жасақтау кезеңіне кірісті. Болашақта барлық филиалда төрағалар мен басшылық органдарды сайлау рәсімі өткізіліп, бастауыш партия ұйымдарын құру жұмыстары басталады. Аумақтық желіні қалыптастыру – партияның ұйымдастырушылық құрылымын дамытудың маңызды кезеңі. Бұл қадам азаматтармен тікелей байланыс орнатуға және партия бастамаларын жергілікті деңгейде дамытуға мүмкіндік береді. Еске салсақ, өңірлік филиалдарды құру туралы шешім «Әділет» партиясының ІІ съезінде қабылданып, тиісті Ережемен бекітілген болатын. Құжатта партияның өңірлік құрылымдарының құқықтық мәртебесі, жұмыс тәртібі, басқару және ішкі бақылау жүйесі айқындалған. «Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден 2026 жылғы 1 маусымда өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив