Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

Қазақстандық арнайы жасақ сарбаздары Беларусьтегі парашют спорты турнирінде жоғары нәтиже көрсетті

22-06-2026, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Брест қаласында Беларусь Республикасы Арнайы операциялар күштерінің бастамасымен ұйымдастырылған халықаралық парашют спорты турнирі өз мәресіне жетті.

Жарысқа ұйымдастырушы елдің үздік командаларымен қатар Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның құрамалары қатысты. Турнирде жалпы саны 32 команда бақ сынады.

Қазақстан атынан жарыста Десанттық-шабуылдау әскерлері, Арнайы операциялар күштері және Арнайы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әйелдер құрамасы бақ сынады.

Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің командасы ІІ орынды иеленіп, өздерінің жоғары кәсіби шеберлігін, төзімділігі мен жауынгерлік рухын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив