Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай28°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
487.01 557.87 6.59

Абай облысында полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семейдегі Абай атындағы театрда 23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Берік Уәли, облыстық Полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров, осы саланың қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.

Аймақ басшысы салтанатты жиында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып, олардың ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі еңбегін жоғары бағалады.

«Баршаңызды Қазақстан Республикасының Полиция күні – кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлерінің қажырлы еңбегіне көрсетілетін ерекше құрметтің белгісі. Құқық қорғау саласында қызмет ету – үлкен жауапкершілікті, жоғары кәсібилікті, табандылық пен адалдықты талап ететін абыройлы міндет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды», – деп ерекше атап өткен болатын. Бұл сіздердің абыройлы қызметтеріңізге, ауыр міндеттеріңізге берілген шынайы баға, биік құрмет деп білеміз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, кәсіби табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін. Еліміздің тыныштығы мен халқымыздың қауіпсіздігі жолындағы жауапты қызметтеріңіз әрдайым жемісті болсын!», – деді Берік Уәли.

Шара барысында Қазақстан полициясы күніне орай елеулі еңбегі мен көп жылдық адал қызметі үшін бір топ ардагер «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және қоғамдық тәртіпті сақтауда қосқан үлесі үшін бірқатар полиция қызметкері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің ведомстволық медальдары мен төсбелгілері, Құрмет грамотасы мен алғыс хаттары тапсырылды.

Полиция департаментінің материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықталуына облыс әкімдігі тарапынан жүйелі түрде қолдау көрсетіліп келеді. Биыл департамент ғимаратында Жедел басқару орталығын құру бойынша жұмыстарға тиісті қаражат бөлінді. Сондай-ақ, биылғы жыл басында қаржы лизингі шеңберінде 137 автокөлік сатып алынды, жыл соңына дейін 97 көлік сатып алу жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив