Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Ринат Заитов Мәжіліс депутаттығына неге Абай облысының атынан түспеді?

1-02-2023, 19:02 Думан Кенжеғазыұлы

Танымал айтыскер ақын өзінің ресми парақшасында ҚР Мәжілісінің алдағы сайлауына құжат ұсынғаны туралы жазды.

«Құжат тапсырылды. Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің депутатын сайлау бойынша №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясына бүгін мажоритарлық жүйемен өзімді-өзім Қазақстан Республикасы Парламент депутатына кандидаттыққа ұсындым», - деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол сайлауға қатысу мен қай аймақтың атынан түсу туралы шешім қабылдау оңай болмағанын айтты.

«Мойындаймын. Оңай келген шешім емес. Ең әуелгі сұрақ қай аймақтан бақ сынайтыным болған. Алдымда екі таңдау болды. 1) Алматы қаласы 2) Абай облысы. Әрине бір қараған адамға туған жерім үш жұртымның ең көп өкілдері тұратын аймақ. Абай облысы тиімді болатын еді. Бірақ, «Ауыл итінің аузы сасық» екенін, бір облысты толық аралауға, әр ауылдан сенімді өкіл, әр участоктен бақылаушы т.б. ескерсек оның барлық шығынын өтейтін менде мүмкіндік те, демеуші де жоқ. Оған қоса аймақтарда жергілікті биліктің ықпалы өте үлкен. Сондықтан Алматы. Алматы - азаттықтың астанасы. Алматы-рухты қауымның мекені. Ол аз десеңіз, осыдан төрт жыл бұрын биліктің кісенінен жұлып алған да осы Алматыдағы ағайын. Демеушім жоқ демеймін. Тілектестерім бар. Қазақ бар! Жаратушыдан кейін сенерім солар. Тәуекел. Оңай шегінбейтінімді ескертудің қажеті жоқ шығар. Сонда да...», - деп түйіндеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив