Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
469.93 541.64 5.71

Жұлдыз Сүлейменова республикалық оқыту семинарының ашылуына қатысты

24-06-2026, 14:22 018.kz

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Астана қаласындағы №100 «Келешек мектебінде» өткен республикалық оқыту семинарының ашылуына қатысты.

Семинар «Халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары негізіндегі «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп» және «Адал азамат» бағдарламаларын ілгерілету» тақырыбына арналды.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам «Келешек мектептері» директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары мен сарапшылар қатысты.

Семинар барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру, Конституциялық құндылықтарды тәрбие жұмысына кіріктіру, құқықтық және экологиялық мәдениетті дамыту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ қатысушылар буллингтің алдын алу, ата-аналармен өзара іс-қимылды нығайту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде пайдалану бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өңірлерде тәрбие жұмысын жетілдіруге бағытталған практикалық ұсынымдар әзірледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив