Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай28°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
486.19 554.26 6.51

Қазақстанда цифрлық интеллектуалды электр желілерін дамыту жобасы пысықталуда

Бүгін, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Энергетика министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлесіп цифрлық интеллектуалды электр желілерін дамыту және электр энергиясына сұранысты басқару тетіктерін енгізу жөніндегі жобалық бастаманы пысықтауға кірісті.

Астана қаласында Энергетика министрлігінің, БҰҰДБ-ның, «KEGOC» АҚ-ның, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен жұмыс кездесулері өтті. Іс-шара «Сұранысты басқару» (Demand-driven Digital Smart Grids) бірлескен жобасын әзірлеу аясында ұйымдастырылды.

Жобаның негізгі мақсаты – заманауи цифрлық технологиялар мен сұранысты басқару құралдарын енгізу арқылы Қазақстанның электр энергетикалық жүйесінің жұмыс тиімділігін арттыруға жағдай жасау.

Талқылаулар барысында электр энергиясы нарығындағы агрегаторлар институтын дамыту, тұтынушылардың цифрлық профильдерін қалыптастыру, тұтынушыларды сұранысты басқару бағдарламаларына қатыстыру үшін экономикалық ынталандыру тетіктерін енгізу, деректерді өңдеу мен қорғаудың заманауи жүйелерін пайдалану, сондай-ақ белсенді электр энергиясын тұтынушы тұжырымдамасын дамыту мәселелері қарастырылды.

Аталған тәсілдерді іске асыру энергия жүйесінің икемділігін арттыруға, ең жоғары жүктеме кезеңдеріндегі тұтынуды төмендетуге, жаңартылатын энергия көздерін, энергия жинақтау жүйелерін және өзге де заманауи энергетикалық технологияларды тиімді интеграциялауға мүмкіндік береді.

Энергетика министрлігі интеллектуалды желілерді дамыту мен электр энергетикасын цифрландыруды саланы жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Сонымен қатар жоба энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және энергетика саласының киберқауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар жобалық құжатты әзірлеудің келесі қадамдарын айқындады. Бұл құжат Қазақстан Республикасының электр энергетикасын цифрлық трансформациялау саласындағы бірлескен бастамаларды іске асырудың негізі болмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив