Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
Президенттер өзара ықпалдастықты одан әрі нығайту, биыл сәуір айында Бұхара қаласында өткен мемлекеттер басшылары кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыру мәселелерін талқылады.
Президент әкімшіліктері, үкіметтер мен салалық ведомстволар арасындағы байланыстардың жандануы екіжақты ынтымақтастықты дәйекті түрде дамыту және бірлескен жобаларды ілгерілету үшін өте маңызды екеніне назар аударылды.
Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы ортақ іс-шаралардың кестесін қарастырды.
Тағыда оқыңыз
Орталық Азия мемлекеттерінің Көшбасшылары мен Германия Федералдық канцлерінің бірлескен мәлімдемесіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Италия Республикасы Министрлер Кеңесі Төрағасының «Орталық Азия + Италия» бірінші саммитінің қорытындысы бойынша бірлескен декларациясыЖаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесіЖаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды