Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
450.69 505.04 5.45

Абай облысын бұрын-соңды болмаған өзгерістер күтіп тұр

25-06-2026, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абайдың 180 жылдық мерейтойы қарсаңында жүзеге асып жатқан «Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында Семей қаласы мен Абай облысында ауқымды құрылыс жобалары қолға алынды. Бұл туралы Абай облысының әкімі Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Аймақ басшысының айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен басталған акция аясында еліміздің барлық өңірлері облысқа түрлі әлеуметтік, мәдени және спорттық нысандар тарту етуде. Қазірдің өзінде Достық үйі, Рәміздер алаңы, Жекпе-жек сарайы, Шығармашылық орталығы, Медиаорталық, Үстел теннисі орталығы секілді бірқатар маңызды жобалардың құрылысы басталған.

Сондай-ақ өңірлер көрме орталығы, руханият орталығы, спорт кешені, «Анаға тағзым» және «Абай әлемі» орталықтары, мектеп, мәдениет үйі мен басқа да нысандарды салып бермек. Ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар да стадиондар, спорт және сауықтыру кешендері, инклюзивті спорт орталығы мен Болашақ сарайының құрылысын қолға алады.

Берік Уәли бұл бастаманы Абай еліне деген құрметтің, ел бірлігі мен өңірлер арасындағы ынтымақтастықтың айқын көрінісі деп бағалап, барлық жобалар сапалы әрі уақытылы аяқталатынын атап өтті. Оның сөзінше, Семейді дамыту – тек бір өңірдің емес, тұтас елдің ортақ міндеті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив