Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Дархан Қыдырәлі Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті

11-05-2023, 11:02 Думан Кенжеғазыұлы

Дархан Қыдырәлі Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті.

Әбу-Дабиде өтіп жатқан «Толеранттылық үшін дүниежүзілік  үкіметтердің инкубаторы» атты форум аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлі Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті.

Ақсақалдар кеңесі - тәуелсіз халықаралық ұйым. 2014 жылы құрылған институт мұсылман қауымдастығына бейбітшілік пен келісім құндылықтарын насихаттайды.

Кеңестің офисінде өткен жүздесуде Дархан Қыдырәлі әріптесіне форумға шақырғаны үшін алғыс айтып, конфессияаралық келісім мен диалогты дамыту мәселелерінде халықаралық ұйымдар маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
Сонымен қатар министр Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съез Декларациясының мазмұндық маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, бұл құжатты ілгерілетуде Кеңес рөлінің ерекше боларына сенетінін мәлімдеді.

Алдағы уақытта Қазақстанда ұйымның өкілдігін ашу жұмыстары талқыланып жатыр. Аталған өкілдік аймақтағы толеранттылық пен бейбітшілікті насихаттауға өз үлесін қоспақ.

Өз сөзінде Мұхаммед Әбделсалам Қазақстанның дінаралық және ұлтаралық қатынастағы жұмыстарына жоғары баға беріп, бұл салада ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенін білдірді.

Кездесу қорытындысында министр Мұхаммед Әбделсаламды Астанада өтетін Халықаралық волонтерлер форумына шақырды.

Сондай-ақ Дархан Қыдырәлі Әбу Дабидегі
“Хедая” орталығының атқарушы директоры Ахмед әл-Қасимимен кездесті.

2012 жылы ашылған халықаралық орталығы экстремизм,терроризммен күрес бағытындағы зертеу, оңалтумен айналысады.

Дархан Қыдырәлі министрлік пен “Хедая” орталығы арасындағы байланыстың онан әрі нығая беретінін жеткізді.

Қазіргі уақытта зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу Дабиде “Толеранттылық үшін дүниежүзілік үкіметтердің инкубаторы” атты форум өтіп жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив