Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
485.4 550.69 6.41

Абай облысында БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті

Кеше, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов аймақ басшысы Берік Уәлидің құттықтауын жеткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекет пен қоғам арасындағы дәнекер ретіндегі рөлін айрықша атап өтті.

Кәсіби мереке қарсаңында облыс әкімінің сыйлығы – «Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» байқауының жеңімпаздары «Әділетті Қазақстан», «Еңбек адамы», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Ауыл – ел бесігі», «Жасанды интеллект және цифрлық даму», «Білімді ұлт», «Объективтегі өмір», «Киелі Абай елі», «Еңбек адамы» сынды номинациялар бойынша анықталды. Сонымен қатар бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының ұжымдары мен журналистер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Шара барысында ардагер журналист Марат Жұмабаевқа «Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелгісі берілді. Ал Қазақстан Журналистер одағының Алтын медалі меценат әрі кәсіпкер Қайрат Кенжебаевқа табысталды. Сондай-ақ, Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамоталары беріліп, бірқатар БАҚ өкілдері ұйым қатарына қабылданды.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен БАҚ қызметкерлері күніне орай еліміздің журналистика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Абай» республикалық фольклорлық – этнографиялық әдеби – көркем журналының директоры Райхан Шарапиева «Құрмет» орденімен наградталды. Мәртебелі марапатты Ақордада Президенттің қолынан алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив