Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
485.4 550.69 6.41

Көкшетауда кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Президент Жарлығын іске асыру барысы талқыланды

Бүгін, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

2026 жылғы 16 мамырда Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжатта кітапхана ісін дамыту мен кітап оқу мәдениетін ілгерілету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған.

Жарлықты іске асыру аясында Көкшетаудағы Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жаһандық көзқарас және тұрақты даму: кітапханалардың болашақты құрудағы рөлі» тақырыбында Қазақстан Кітапханалар одағының көшпелі отырысы өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, Қазақстан Кітапханалар одағының мүшелері, сала басшылары мен мамандары қатысты.

Отырыста кітапхана ісін дамыту мен еліміздегі кітап оқу мәдениетін ілгерілетудің өзекті мәселелері талқыланды.

Жиында бес стратегиялық бастама таныстырылды. Атап айтқанда, Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құру, «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» заң жобасын әзірлеу, «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасын іске асыру, кітап оқу мәдениетін дамытудағы жетістіктері үшін Ұлттық сыйлық тағайындау және 2027-2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын әзірлеу ұсынылды.

Көшпелі отырыс қорытындысы бойынша кітап оқу мәдениеті мен кітапхана ісін дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныс әзірленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив