Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
485.4 550.69 6.41

Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды

Бүгін, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің қызметімен танысты.

Президентке халықаралық әскери-патриоттық жиынға қатысушылардың Dubai SWAT Challenge кедергілер жолағының баламасы ретінде жасалған «Айбын» кедергілер жолағымен жүріп өткен сәті және атыс дайындығын пысықтайтын Action Air дайындық алаңы көрсетілді.

Сонымен қатар жастарға патриоттық тәрбие берудің Aibyn App цифрлық платформасы мен колледж кітапханасы таныстырылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы оқу-зертхана кешенін аралап көрді. Мұнда кадеттер елімізде құрастырылған симуляциялық қондырғыларда жаттығады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық «Арлан» брондалған көлігі және ұшқышсыз авиация технологиялары секілді заманауи әскери техникалардың үлгілері көрсетілді.

Президент әскери колледж бастығы Айбек Ғабдраховқа автобус кілтін тапсырды.

Қорғаныс министрлігінің кадет корпусы Президенттің 1996 жылғы 1 шілдедегі Жарлығымен құрылған. 2000 жылы оқу орнына қазақ ғалымы және офицері Шоқан Уәлихановтың есімі берілді. 2020 жылы Кадет корпусының атауы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж болып ауысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив