Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
485.82 554.03 6.24

Биыл әлеуметтік салаларға 19 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді — Тоқаев

Бүгін, 13:55 018.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында адам капиталын дамыту мәселелеріне тоқталды. 

— ХХІ ғасырда шикізатқа немесе халық санына ғана сеніп отыра беруге болмайды. Мұндай ұстаным кез келген мемлекетті жарға жығады. Мен бұл туралы үнемі айтып келемін. Қазір де қайталаймын: инфляцияға тәуелді емес бір ғана капитал бар: бұл — адам әлеуетінің сапасы. Сондықтан біз әлеуметтік салаға бірден-бір стратегиялық бағыт ретінде қараймыз. Бүгінде мемлекет азаматтарды жан-жақты дамытуды көздейтін негізгі салалардың барлығына қомақты қаражат бөліп отыр. Соның ішінде ғылым мен білім, мәдениет пен денсаулық, спорт және әлеуметтік қолдау саласын ерекше атап өткен жөн. Биылдың өзінде осы стратегиялық мақсатқа 19 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр. Бұл — мемлекет бюджетінің жартысынан көбі деген сөз, — деді Президент.

Сонымен бірге, Қазақстан — әлеуметтік салаға айрықша мән беріп, жүйелі әрі байыпты саясат жүргізіп келе жатқан әлемдегі аз ғана мемлекеттің бірі.

— Осы орайда, Парламенттің әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға және қоғамда әділдік қағидатын орнықтыруға ерекше үлес қосқанын атап өткен жөн. Бірақ біз мына нәрсені дұрыс түсінуіміз керек: шынайы әділеттілік дегеніміз ел игілігін бәріне бірдей бөліп бере салу емес. Нағыз әділеттілік — әрбір азаматқа тең мүмкіндік беретін тиімді әрі мұқият ойластырылған жүйе құру деген сөз. Ең бастысы, барлығы заң алдында тең болуға тиіс. Бұл — Әділетті Қазақстанның мызғымас қағидаты. Парламенттің «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңды қабылдауы — осы қағидаттың нақты көрінісі. Аталған Заң аясында елге триллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Қазірдің өзінде осы қаржының жартысынан көбі халық игілігіне жұмсалды. Соның есебінен 450 аса маңызды әлеуметтік және коммуналдық нысан салынды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив