Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Серік Жұманғарин сүт өнімдері бағасының өсуін тежеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді

13-05-2023, 09:41 Думан Кенжеғазыұлы

Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен сүт өнімдерін өндірушілердің, салалық бірлестіктердің, «Атамекен» ҰКП және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Күн тәртібінде сүт өнімдерінің қымбаттауын тежеу ​​мәселесі қаралды.

Қазақстан сүт одағының директоры Владимир Кожевниковтің айтуынша, Қазақстанда сүтті қайта өңдеуге және халықтың сүт өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыруға барлық қажетті қуатқа ие. Алайда, шикізат тапшылығына байланысты зауыттар толық жүктелмеген.

«Бүгінгі таңда біздің шикізат ресурстарымыз өңдеу мүмкіндіктерінен айтарлықтай артта қалып отыр. Мұның бірнеше себебі бар, ең бастысы тауарлық сүттің жетіспеушілігі. Бүгінде өңдеуге жіберілетін сүттің 50%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі және Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сай келмейді», — деп атап өтті Владимир Кожевников.

«Айс-плюс» ЖШС директоры Қуаныш Ищанов импорттық сүттің келуіне байланысты сатылым күрт төмендегенін мәлімдеді.

«Сәуір айында біздің сатылымдарымыз 50%-ға дейін төмендеді. Біздің қоймалар сүт өнімдеріне толы. Біз табиғи сүтті жоғары бағаға сатып аламыз, ал импорттық дайын өнімдер елімізге арзан бағамен келеді», — деді ол.

Басқа өндірушілер де шикізат тапшылығымен қатар, құнының қымбаттығы туралы мәлімдеді. Атап айтқанда, биыл шикі сүттің бағасы маусымға қарамастан ай сайын көтерілді.

Бүгінде елімізде сүт өнімдерін ішкі тұтыну жылына 2,3 млн тоннаны құрайды. Жыл сайын 172 сүт өңдеу кәсіпорны 1,8 млн тонна сүтті қайта өңдейді, бұл оның жалпы өндірісінің 46%-ын құрайды. Кәсіпорындардың қуаттылығы жылына шамамен 2,5 млн тонна сүт өнімін қайта өңдеуге мүмкіндік береді, бірақ қазір олар 77%-ға жүктелген. Нәтижесінде отандық өндіріс есебінен сүт өнімдерімен қамтамасыз ету 81,6%-ға жетеді. Қалған бөлігі импорттық жеткізілімдер арқылы толтырылады.

Мемлекет тарапынан қайта өңдеушілерге түрлі мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Соңғы 4 жылда сүт өңдеу кәсіпорындарына 35 млрд теңге көлемінде субсидия берілді. Сүт өңдеуді дамыту үшін барлық мемлекеттік қолдау шаралары сақталған. Бұл – сүт зауыттарын салу мен жаңғыртуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеуге инвестициялық субсидиялар, лизинг пен несие бойынша сыйақы мөлшерлемелері. Сондай-ақ мал шаруашылығында шикізат базасын дамыту, асыл тұқымды мал шаруашылығы жұмыстарын жүргізу және мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру үшін субсидияланады. Соңғы 7 жылда сүтті мал шаруашылығын дамытуға берілген субсидия көлемі 1,8 есеге өсті, 2022 жылы ол 22,5 млрд теңгені (2016 жылы – 12,1 млрд теңге) құрады.

Сонымен қатар саудадағы түрлі кедергілерді жоюға көмек көрсетіледі. Ситуациялық штаб – Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрліктері деңгейінде жұмыс істейді. Бұл жұмыс органы елге әкелінетін өнімдердің техникалық сапа регламенттерінің міндетті талаптарына сәйкестігін бақылауды қамтамасыз ету бөлігінде бөлімдердің қызметін үйлестіреді және қажет болған жағдайда сәйкес келмейтін импортты шектеу жөнінде жедел шаралар қабылдайды. 

«Шикізат тапшылығына келсек, биыл «Үлкен жоба» аясында 65 тауарлы-сүт фермасының құрылысы басталады. Бұған қазірдің өзінде бюджеттен төмен пайызбен 100 млрд теңге бөлінген. Келер жылы еліміз бойынша тауарлы-сүт фермаларының құрылысын жалғастыруды жоспарлап отырмыз, бұл республикада қажетті көлемде шикізат өндіруді толықтай дерлік қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біз келіп түскен ұсыныстардың барлығын қарастырамыз, нәтижелерін талқылау үшін мамыр айының соңында қайта бас қосамыз», — деп жиынды қорытындылады Серік Жұманғарин.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив