Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
480.72 548.07 6.14

Абай облысының әкімі Берік Уәли жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтады

Бүгін, 09:13 018.kz

Абай облысының әкімі Берік Уәли тұрғындарды Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуімен құттықтады.

Өңір басшысы бұл күннің еліміздің жаңа тарихи кезеңінің бастауы екенін атап өтіп, бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған жаңа Конституцияның бүгіннен бастап заңды күшіне енгенін айтты.

Әкімнің айтуынша, Конституция – Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негізі, мемлекеттік құрылыстың берік тірегі әрі қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің кепілі. Онда адамның құқықтары мен бостандықтары, заң мен тәртіп, әділеттілік, бірлік пен жауапкершілік қағидаттары айқын көрініс тапқан.

Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция ел үшін тек құқықтық құжат қана емес, қоғамды біріктіретін басты құндылық екені туралы пікіріне тоқталып, жаңа Ата заңның еліміздің жаңару бағытын айқындайтынын жеткізді. Сондай-ақ оның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге және өңірлердің орнықты дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті.

Облыс әкімі жаңа Конституцияны қабылдау – барша халықтың ортақ таңдауы әрі ортақ жауапкершілігі екенін айтып, осы маңызды тарихи үдеріске үлес қосқан барлық азаматқа ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, жаңа Конституция ел игілігіне қызмет етіп, Қазақстанның одан әрі дамуы мен өркендеуіне берік негіз болуына тілектестік білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив