Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
480.72 548.07 6.14

Конституция – ел дамуының берік құқықтық негізі

Бүгін, 09:45 018.kz

Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуіне орай қоғам белсендісі, PhD, Шәкәрім университетінің қауымдастырылған профессоры Арайлым Оразғалиева қазақстандықтарды айтулы тарихи оқиғамен құттықтады.

Оның айтуынша, Конституция – тәуелсіз мемлекетіміздің берік құқықтық іргетасы, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басты кепілі. Ата заң еліміздің демократиялық даму бағытын айқындап, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне және азаматтық қоғамның нығаюына негіз болып келеді.

«Жаңа Конституцияның күшіне енуі – еліміздегі заң үстемдігін нығайтып, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, азаматтардың мемлекет ісіне белсенді қатысуына жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды қадам. Бұл – Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы тарихи шешім әрі қоғамның жаңаруына тың серпін беретін бастама. Конституция қағидаттарына адалдық, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдық жауапкершілікті арттыру – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осы құндылықтарды берік ұстану Қазақстанның тұрақты дамуына, қоғамдық келісімнің нығаюына және халықтың әл-ауқатының артуына негіз болады», – деді Арайлым Оразғалиева.

Сондай-ақ ол жаңа Конституция ел игілігіне қызмет етіп, Қазақстанның одан әрі өсіп-өркендеуіне, қоғамдық келісім мен бірліктің нығаюына берік негіз болатынына сенім білдірді. Қоғам белсендісі барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бейбіт өмір, бақ-береке тілеп, Тәуелсіз Қазақстанның тұрақты дамуы мен жарқын болашағына ізгі тілегін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив